Буш Қарзаймен Ауғанстанда кездесті

АҚШ президенті Джордж Буш Ауғанстанға күтпеген сапары кезінде президент Хамид Қарзаймен кездесті. Бұдан бұрын ол жексенбіде Ирақта болған-ды. Бұл сапарларын Буш Ақ үйден келесі айда кетер бұрын жасап отыр. Қарзаймен кездесуге кетер бұрын Буш Бағрам әйе жайында АҚШ және басқа да шетел күштерімен кездесті. Талибан және әл-Қайдамен күрес ұзаққа созылады деді ол.