Түркмен үкіметі парламенттік сайлауларын қуаттауда

Олар бұл сайлауды ашық та, демократия шарттарына сай өтті деді. Сыншылар жексенбіде болған бұл сайлауда демократия нышандары аз болды деп сынап отыр. Ресмилердің айтуынша сайлаушылардың 94 пайызы бұл үдеріске қатысқан. Мәжілістегі 125 орын үшін 288 үміткер жарысқа түскен болатын.