Шамамен 400-ге жуық адам Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоғын қойып, дәл осы алаңда осыдан тура 22 жыл бұрын Мәскеудің саясатына қарсылық білдірген Желтоқсан көтерілісі құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың аруағына тағзым етті.
Бұдан кейін ресми тіркелмеген «Талмас» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айнұр Құрманов жиналғандар алдына шығып, қарар оқыды. Онда үлескерлер мен баспана мәселесіне қатысты қордаланған өзге де проблемаларды шеше алмай отырған Кәрім Мәсімовтің үкіметі мен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов отставкаға кетсін деген талап айтылды.
А.Құрманов қарарды толық оқып үлгермеді – оншақты полиция қыметкері оны тарпа бас салып, алаңның шетіне алдын- ала әкелініп қойылған автобустардың біріне қарай сүйрей жөнелді. Мұның арты, Құрмановқа араша түсіп, оны полицияға бермей алып қалуға ұмтылған жұртшылық пен полиция арасында қақтығысқа ұласты,-деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшілері оқиға орнынан.