Сейсенбі күні кешке Алматыдағы ауданаралық әкімшілік соты оппозициялық “Талмас” қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрмановты рұқсат етілмеген пикет өткізгені үшін 15 тәулікке түрмеге жабу туралы шешім шығарды. 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында өткен наразылық шарасына жүздеген адам жиналған болатын. Олар тұрғын үй мәселесінің шешілмей жатқандығына нарызылық танытып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Осы оқиғадан кейін полиция шерушілердің жетекшісі Айнұр Құрмановты қамауға алды. Ол енді 31 желтоқсанда бостандыққа шығуы тиіс.