Интернетте құмар ойынын жүргізуші айыпталуда

Интернетте құмар ойынын жүргізетін компанияның құрушысы АҚШ-тың интернет заңын бұзды деп айыпталуда. Ол АҚШ үкіметіне 300 миллион доллар төлеуге келісті. Себебі Құрама Штаттар заңы бойынша интернетте құмар ойынына тыйым салынған. 37 жасар Анураг Дикшит-Үндістан азаматы. Оның компаниясы АҚШ тұрғындарына интернеттегі казино сияқты құмар ойынын ұсынып келеді. Оның табысы бір миллиард 600 миллион доллар деп есептелуде.