Хабарларға қарағанда, Ирақтың Ішкі істер және қорғаныс министрліктеріндегі кемінде 23 шенеунік қастандық әрекетін жоспарлады деген айыппен тұтқындалған. Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, атын атағысы келмеген Ирақ қауіпсіздік ресмилері әлгі қамауға алынған күдіктілердің бұрынғы Ирақ президенті Саддам Хуссейннің Баас партиясын қайта қалпына келтіруді қалайды делінетін Әл-Ауда тобына қатысы барлығына дәлел бар деген. Франс-Пресс ақпарат агенттігінің айтуынша, тұтқындалғандардың арасында Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік бойынша басшысы генерал Ахмад Абдул Риф та бар. Бұл хабар ресми түрде расталмады. Оның алдында АҚШ-тың New York Times басылымы Ирақта шамамен 35 шенеунік қамауға алынды деп хабарлаған болатын.