Оңтүстік Қазақстанда «Қазпошта» бөлімшесінен 2,4 млн. теңге ұрланып кетті

Облыстық ІІД-нің мәліметінше, «Қазпошта» АҚ-ның Бәйдібек ауданы, Ақмешіт ауылдық бөлімшесінің сейфінен белгісіз біреулер 2 миллион 400 мың теңгені ұрлап кеткен, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
Агенттік ақпаратына сәйкес, ұрылар есіктің құлпын бұзып кіріп, сейфтегі зейнетақы төлемдеріне арналған ақшаны алып кеткен. Тергеудің құпиялылығына байланысты полиция толыққанды ақпарат беруден бас тартқан.