Ресми Сеул Ирақтан ең соңғы әскерін шығарды

Оңтүстік Кореяның әскерлері осылайша елдеріне оралды. Бұл ел 2004 жылы Ираққа 3600 жауынгерін енгізген еді. Бұл жасақ Ирақта болған шетелдік күштердің арасында саны жағынан үшінші орында тұрған болатын. Алайда елдегі өсе түскен қарсылыққа байланысты ресми Сеул өз әскерін Ирақтан шығаруға шешім қабылдаған еді.