Жапония экспорты рекордтық деңгейге төмендеді

Қараша айында ол 26,7 пайызға құлдилап кеткен екен. Оған себеп жапон ақшасы күшінің мықты болуы және әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты Жапония заттарына деген шетелдік сұраныстың азаюы. Қаржы министрлігінің айтуынша, қараша айында Жапонияның сауда саласында 2 миллиард 500 миллион долларға тапшылық байқалған.