Адам хұқын қорғаушылар Иранды айыптауда

Иранның қауіпсіздік күштері Нобель сыйлығының иегері Ширин Ебадидің Теһрандағы Адам хұқын қорғау орталығы кеңсесіне тексеру жүргізген болатын. Нью-Йоркте орналасқан Human Rights Watch ұйымы мен Ирандағы Адам хұқын қорғаудың халықаралық науқаны ұйымы жексенбідегі рейдті айыптауда. Аталған ұйымдар бұл әрекеттерді Ирандағы адам хұқын қорғаушы қауымдастықты тұншықтыру үшін жасалған “заңсыз қадамдар” деп бағалап отыр. Олар Ебади кеңсесі жұмысының одан әрі жалғасуын және аталған рейдтің не үшін жүргізілгенін зерттеуді талап етуде.