ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың мәліметінше, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының бұрынғы басшысы Серік Бүркітбаев экономикалық қылмыс жасады деп айыпталып, оның ісі жабық түрдегі сотта қаралуда.
Экономикалық баптар бойынша сотқа тартылып отырған Серік Бүркітбаев «Қазақтелеком» мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігін басқарып, мемлекет басшысының кеңесшісі қызметін де атқарған.