Ирақ парламенті шетелдік күштердің Ирақта тұруын қолдады

Ирақ парламенті АҚШ әскерінен басқа шетелдік күштердің Ирақта 2009 жылға тұруы туралы келісімшартты ел үкіметінің қол қоюына ұсынды. Депутаттар бұл келісімшартты парламент төрағасы Махмуд Машхадани қызметінен кеткеннен кейін қолдады. Аталған шетелдік күштердің Ирақта тұру хұқы осы желтоқсан айының 31-де аяқталады. Бұдан бұрын АҚШ әскерінің Ирақта 2011 жылға дейін тұруына мұрсат беретін келісімшартты парламент қабылдаған болатын.