Әзірбайжан президенті үшінші сайланымға түсе алады

Себебі конституциялық сот президенттікті референдум арқылы жалғастыруға рұқсат ететін шешім қабылдаған болатын. Ел парламенті жұма күні осы ұсынысты көпшілік дауыспен қолдап шыққан еді. Енді Илхам Алиевтің үшінші рет президенттік таққа жайғасуына жағдай жасалды. Алиевтер әулетінің 40 жылдық билігі жалғасуда.