Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Тұрар Рысқұлов ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 395-шақырымында «КамАЗ» бен «Мерседес» көліктерінің соқтығысуының кесірінен «Мерседестің» 18 жастағы жүргізушісі мен оның 28 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмған, қалған екі жолаушы аруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысының Байзақ ауданында да көлік апаты болып, Алматы-Ташкент тас жолының 501-шақырымында «Сетра» маркалы автобус аударылған. Соның салдарынан автобус салонындағы 33 жолаушының екеуі оқиға орнында қаза тапқан, үш жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскен.