Павлодар мен Ақмолада өрт салдарынан төрт адам қаза тапты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысының Ерейментау қаласында жер үйдің 170 шаршы метр аумағында шыққан өртті сөндіру кезінде 1 ер адамның мәйіті табылған.
Ал Павлодар облысы Успенка ауылының Коммунальная көшесіндегі жер үйде шыққан өрттің салдарынан 29 жастағы ер адам мен 24 жастағы әйел және екі жасар бала қаза болған.