Халық Бхуттоны еске алуда

Бірнеше ондаған мың пәкістандықтар бұрынғы үкімет басшысы Беназир Бхуттоның Гари Худа Бахш қаласындағы қабірі басына желтоқсанның 26-да жиналды. Ресмилердің айтуынша, бұл жиынға шамамен 35 мыңдай адам қатысқан. Қастандықпен өлтірілген Бхуттоны ресми түрде еске алу сенбі күні болмақшы. Ол 2007 жылдың 27 желтоқсанында сайлау алды жиылыс барысында болған жанкештілік шабуыл кезінде оққа ұшқан болатын.