Желтоқсанның 26-да ашылған жолдар арқылы аса қажетті гуманитарлық заттар жеткізілмекші. Азық-түлік тиелген 90-дай жүк машинасы шекарадан өтетін болады. Осыдан бір күн бұрын Израиль үкімет басшысы Ехуд Олмерт Хамасқа соңғы “ескерту” жасады. Олмерт Әл-Арабия теледидары арқылы сөйлеген сөзінде, егер Хамас пен Исламшыл жихад топтары Израилдің солтүстігіне зымыран атуын тоқтатпаса, Израиль өзінің күштерін іске қосады деп “ең соңғы ескертуін” жасады. Хабарларға қарағанда, Олмерттің қауіпсіздік кабинеті бұл жоспарды мақұлдаған екен.