Сараевода шығатын газеттің жазуынша, Боснияның орталығындағы Хан Плоча ауылындағы мешітке ұры түскен екен. “Алла бұл ақшаны ұрлағаным үшін мені кешірсін” деп жазып кеткен екен ол ұры. Имам қанша ақшаның ұрланғанын айта алмады. Себебі қайырымдылық жәшігінде жиналған ақшалар бірнеше аптадан бері саналмаған екен.