Түркия армиясы күрдтерге тағы соққы берді

Өткен жексенбі күні Түркияның соғыс ұшақтары күрд сепаратистерінің Солтүстік Ирақтағы шептеріне соққы берді. Ирақтың солтүстігін паналаған Күрдтердің жұмысшы партиясы жасақтарының өкілі бомбалық соққы берілгенін растады.
Оған қоса түрік армиясы күрд бүлікшілеріне қарсы құрлықта да соғыс операцясын жүргізіп келеді.