Украинаның “Нафтогазы” Ресейдің Газпромын айыптады

Украинаның “Нафтогаз” концерні Ресейдің Газпром компаниясын “энергетикалық бопсалаумен айналысып отыр” және әріптестік келіссөз жүргізе алмайды деп айыптады. Украиналық газ концернінің арнайы мәлімдемесінде осылай делінеді.
Киев пен Мәскеу газдың бағасы бойынша өзара уәжге келе алмаған соң, Ресей 1 қаңтардан бері Украинаға газ беруін доғарды. Еуропаның Польша, Румыния, Болгария, Мажарстан, Словакия сынды бірқатар елі Ресейден Украина арқылы өтетін газдың қысымы шамамен 33 пайызға төмендегенін мәлімдеді.
Газпром компаниясы Киевті Еуропаға арналған газды ұрлады деп айыптап, Украина оны теріске шығарды.
Дүйсенбі күні Брюсселде Чехияның төрағалық етуімен Еуропа Одағы газ проблемасын талқылайды.