Бағдадта шииттердің Ашура күні қарсаңында қастандық жасалды

Бағдадтың солтүстік-батысында жанпидашыл әйелдің шабуылынан кем дегенде 30 адам мерт болып, тағы 40 кісі жараланды. Қастандық жарылыс шииттердің имамы Мұсаның Қадимия ауданындағы кесенесі маңында болды. Бағдадтың бұл ауданында шииттер басым тұрады.
Қастандық Ирақ шииттерінің Ашура күніне – Мұхаммед пайғамбардың немересі Хусеин имамға құлшылық ететін күнге әзірлік кезінде іске асырылды. Бірақ әзірше қастандықты ешкім өз жауапкершілігіне алған жоқ.