Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан ЖШС-нің шәй қаптау цехында өрт болды, — деп хабарлайды құтқару қызметі кезекші диспетчерлік бөлімінің баспасөз қызметі.
80 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің салдарынан 38 жастағы әйелдің қолы күйіп қалған. Ауруханаға жатудан бас тартқан әйелдің денесінің 10 пайызы күйген.