Мәскеу мен Киев арасындағы “газ дауына” ЕО араласты

Сейсенбі күні Еуропа Одағы Ресей мен Украинаның арасындағы “газ дауының” салдарынан Еуропа елдеріне тасымалданатын газдың азаюына жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Ресми Брюссель газ тасымалын дереу қалпына келтіруді талап етіп, дауды басу екі жақпен арадағы келіссөзін жалғастыратынын хабарлады.
Оның алдында Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері украина жерімен тасымалданатын Ресей газының мүлде тоқтағанын мәлімдесе, Орталық және Батыс Еуропа елдері өздеріне арналған газ қысымының күрт төмендегенін хабарлады.
Ресейдің Газпром концерні Еуропаға арналған газды Украина заңсыз алып отыр деп айыптады.
Газ бағасы бойынша Киевпен уәжге келе алмаған соң, Ресей Украинаға газ беруін 1 қаңтардан бастап доғарды.