Палестинаның жоғарғы ресмилері Израилдің Газа секторына шабуылын қалай тоқтатуға болады деген тұрғыда келіссөздер өткізу үшін Мысырға келді. Израилдің Газадағы Хамас жауынгерлеріне қарсы әуеден және жерден соққы беріп жатқанына үшінші апта болды. Тараптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің атысты тоқтату жөніндегі қарарын қабылдамай отыр. Шабуылдарды тоқтату турасында Палестина президенті Махмуд Аббас Мысыр президенті Хосни Мубаракпен келіссөздер өткізбек. Газаға бақылауды алып отырған Хамас ұйымы да Мысырға өз өкілдерін жөнелтті. Желтоқсанның 27-де басталған Израйлдің әскери операцияларынан 800 палестиндік және 13 израилдік қаза тапты.