Израиль Газаға шабуылын 3 сағатқа тоқтататын болғандықтан, БҰҰ сол арада бұл аймақтағы мыңдаған палестиндікке қайырымдылық көмектерін жеткізуді жоспарлады. БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы бейбіт процесс бойынша арнайы үйлестірушісі мен ұйымның көмек көрсету агентігінің мәлімдемесінде, Газаға кіретін БҰҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігіне Израилдің кепілдігін алдық делінген. Жұма күні Газа тұрғындарына көмек көрсету операциясы Израиль күштері БҰҰ-ның көлік керуеніне шабуылдаған соң тоқтатылған болатын. Ұйымның дерегіне қарағанда, Газадағы 1,5 млн халықтың 80 пайызына азық-түлік көмегі қажет болып отыр.