Қостанайда жыл қорытындысы бойынша қылмыс саны азайыпты

Бұл туралы мәлімет берген облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 12 айында Қостанай облысының аумағында жалпы 6526 қылмыс тіркеліпті. 2007 жылмен салыстырғанда олардың саны 17,2% азайса, тиісінше, ашылу көрсеткіштері де 11 пайызға өскен.