Украина арқылы жөнелтілген Ресей газы Еуропаға жетпей жатыр

Бүгін Еуропа Комиссиясы мәлімдегендей, Ресейдің Украина арқылы Еуропаға газ жөнелтуін қайта жалғастырғанын мәлімдеуінен кейін, Еуропаға газ аз жетіп жатыр.
Ресейдің Газпром компаниясы Еуропаға бағытталған Ресей газын Украина жібермей жатыр деп мәлімдеді. Журналистерге Газпром компаниясының Курск облысындағы “Суджа” құбыр бекетіндегі өкілетті бақылаушысы Алексей Федоров хабарлағандай, Украинаның газ құбыры жүйесіне қосылатын тұста кран жабық тұр. Алайда ресми Киев оны Ресей жағымен түсіністік жетпей тұруымен түсіндірді.
Өткен дүйсенбі күні Брюссельде Мәскеу мен Киев Украина жерімен Еуропаға тасымалданатын Ресей газының транзитіне еуропалық бақылау орнатылуына келіскен болатын.