БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігінің Газадағы штаб-пәтеріне шабуыл жасалып, қазір ол ғимарат өрт астында қалып отыр деп хабарланды. БҰҰ баспасөз хатшысы Крис Гуннестің айтуынша, ақ фосфорлық делінген үш қару-жарақ атылған кезде кемінде 3 адам жарақат алған. Хабарларға қарағанда, Израиль күштері сондай-ақ Газа қаласындағы халықаралық және Арабтардың бұқаралық ақпарат құралдары орналасқан ғимаратқа әуеден соққы берген. Израиль армиясы бұл оқиғаға байланысты әзірше пікір білдірмеді.