Ауғанстанның батысындағы Херат өлкесінде ауған армиясының тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Бұл тікұшақ ауа-райының бұзылуына байланысты Адраскан ауданында құлады деп хабарланып отыр. Қаза тапқандардың арасында Зафар әскери бөлімінің қолбасшысы болған.