Бұл туралы хабарлаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 178-шақырымында «Мазда» және «Мицубиси» көліктері соқтығысып, апат салдарынан «Мазданың» 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Екі көліктің жүргізушілері мен қалған жолаушылары, барлығы тоғыз адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.