Хамас та Израиль сияқты атысты тоқтатты

Жексенбі күні Хамас Газа секторында атысты тез арада доғаратынын жариялады. Оның алдында Израиль біржақты бітім жөнінде шешім шығарған болатын. Хамастың ресми өкілі Айман Таханың айтуынша, бітім бір аптаға жалғасады, бірақ Израиль Газадан өзінің әскерилерін шығаруы тиіс. Хамас, сондай-ақ, Палестина халқына азық-түлік пен басқа да қажет заттардың жеткізілуіне мүмкіндік беретін шекаралық жолдарды ашуды талап етті.

Газадан Израилге жасалатын зымыран шабуылдарын тоқтату мақсатында желтоқсанның 27-де басталған Израилдің әскери операциясынан шамамен 1,200 палестиналық азамат қаза тапты.