Обама америкалықтарға үндеу жариялады

АҚШ президенті болып сайланған Барак Обама бүгінгі сөзінде халықты Америкаға қызмет етуге шақыруда. Обаманың және вице президент Джозеф Байденнің отбасы бүгін Вашингтонда қоғамдық қызмет жобасымен халықты таныстырады. Осылайша олар азаматтық хұқықтарды қорғаушы Мартин Лютер Кингті жыл сайынғы еске алу жиынына қатысады. Обама Вашингтонда жиналғандар алдында жексенбіде сөйлеген сөзінде елдің алда тұрған қиындықтарды жеңе алатынына сенетінін білдірген болатын. Барак Обама бұл пікірін өзінің сейсенбі күні таққа жайғасатын салтанаты қарсағында болған поп концертте сөйлеген сөзінде айтты. Обама соғыс пен рецессиядан өту үшін халықты ұлттық рухтарын биік ұстауға шақырды.