Қазақстан журналистері интернетке цензура жасауға қарсы

Олар мемлекеттік ақпарат агенттігінің әзірлеген интернетке бақылау орнату жөніндегі заңға өзгерістер енгізу ұсыныстарына қарсы шығуда. Ол агенттік интернет-бұлақтар қатарына барлық веб сайдтар мен чаттар және блогтарды, интернет-журналдар мен электронды кітапханаларды жатқызу жөнінде ұсыныс жасап отыр. Демек ол заң бойынша аталған интернет бұлақтар қылмыстық және азаматтық жауапкершілікке тартылмақшы дейді журналистер. Наразылық мәлімдемесіне Қазақстан журналистер одағы мен елдегі 13 басылымның басшылары қол қойды.