Ресей Грузияға қару сатуға тиым салғысы келеді

Бұған орай Ресей президенті Дмитрий Медведев үкіметке арнайы тапсырма берді. Яғни Ресей үкіметі Грузияға қару сататын елдер мен ұйымдар және жеке адамдарға қарсы арнайы экономикалық шаралар қолданудың жолдарын қарастыруы тиіс. Кремль Медведевтің бұл жарлығының мәтінін қаңтар айының 19-да жариялады. Грузия тарапы бұл жарлықты “күтпеген жағдай” деп мысқылдай бағалады.