Барак Обама ант тапсырып, таққа отырады

Бүгін Американың жаңадан сайланған президентінің ұлықтау рәсімі өтеді. АҚШ-тың 44-президенті ретінде Барак Обама ант тапсыратын рәсімге екі миллионға жуық адам қатысады. Ұлықтау рәсіміне байланысты Вашингтонда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, көшелерде полицейлер мен ұлттық гвардия өкілдері күзетке қойылған.