Алматыда борышкерлер аштық жариялады

“Халыққа баспана қалдырайық” атты қозғалысының 12 мүшесі бүгін Алматыда аштық жариялады. Ипотекалық несие бойынша борышкерлердің наразылық акциясына алдағы күндері бірнеше ондаған адам қосылмақшы. Бұл туралы “Талмас” қозғалысының жетекшісі Әлнұр Құрманов хабарлады. Аштық бастағандар банктерден несиесін қайтара алмай отырған борышкерлерге қысым көрсетулерін тоқтатуды талап етіп отыр. Олар сондай-ақ Самұрық-Қазына қорының басшылығымен кездесуді қалайды дейді Құрманов.