Душанбе Ауғанстанға әскери емес жабдықтарды тасымалдау жолдарына қатысты АҚШ және НАТО-мен келіссөздер жүргізуде. Тәжікстан сыртқы істер министрі Хамрохон Зафиридің мәлімдеуінше, аталған мәселеге байланысты ешқандай келісімге әлі қол қойылмаған. Бірақ Еуропа елдері мен АҚШ ұсыныстар жасады және бұл мәселені талқылау үшін батыс елдерінің ресмилері Тәжікстанға сапар жасамақшы, деп атап көрсетті Зафири. Оның айтуынша, президент Эмомали Рахмон ақпан айында Брюсселге баратын болады.