Медведевтің Өзбекстанға сапары басталды

Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Өзбекстанға сапары басталды. Медведев мемлекеттік сапарын Өзбекстанның екінші ірі қаласы Самарқандтан бастады. Әуе жайында Медведевті Өзбекстан президенті Ислам Каримов қарсы алды. Қаңтардың 23-не дейін жалғасатын сапардың күн тәртібінде қандай мәселелердің тұрғандығы жарияланбады.

Кездесу барысында газға бай Өзбекстанға Ресей инвестициясын құю мәселесі талқылануы мүмкін. 2005 жылғы Әндіжан оқиғаларынан кейін Ресей мен Өзбекстан қарым-қатынастары жақсарған болатын. 2005 жылдың мамыр айында үкімет күштері наразылық танытушыларға оқ ашқан болатын. Бұл оқиғаларды халықаралық тәуелсіз түрде тергеуге ресми Ташкент жол бермеді.