Астанада өрт болып, бір адам қаза тапты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың Сарыарқа ауданындағы Степная көшесіндегі жер үйде 9 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру кезінде 61 жастағы ер адамның мәйіті табылған.