Бұл жөнінде Ирақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Мувафақ әл-Рубай Техранда, жұма күні мәлімдеді. Иран халқының мужахедттері деп аталатын бұл топ Ирақ жерінде 20 жылдан бері қуғында жүрген еді. Әл-Рубай аталған топтың Иран қауіпсіздігіне қатер төндіретіндігі туралы пікірін білдірді. Ирақ ол топтың елден өз еріктерімен кететініне сенімді. ЕуроОдақ ол топты лаңкестік ұйымдар тізімінен алып тастауды ойластыруда.