Үнді үкімет басшысының жүрегіне операция сәтті өтті

Үнді премьерінің денсаулық жағдайы-бірқалыпты. Үкімет басшысы Манмохан Сингх мырзаның жүрегіне сенбі күні операция жасалған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, Сингх мамырда болатын сайлауға қатысуға әзір болады. Оған жасалған операция 11 сағатқа созылған екен. Премьерге алғашқы 48 сағат ішінде пәрменді емдер қолданылды. Сингх өз жұмысына алты апта ішінде шығатын болады дейді мамандар.