Шымкент пен Жамбылда бес адам жол апатынан қаза тапты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 432-шақырымында «Ниссан» және «Даймлер Бенц» көліктері соқтығысып, апат салдарынан «Ниссан» көлігінде отырған 17 жастағы екі қыз бен 48 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырған.

Сонымен бірге Шымкентте Воровской көшесіндегі темір жол өткелінде «БМВ» көлігі тауар тиеген темір жол құрамымен соқтығысып, соның салдарынан көлік жанып кеткен. Көліктен екі адамның мәйіті табылған.