Бүгін Ресей-НАТО кеңесінің бейресми кездесуі өтеді. Бельгия астанасы Брюсселдегі жиын тамыз айында орын алған Ресей-Грузия соғысынан кейін ұйымдастырылып отырған алғашқы жоғары дәрежелі кездесу. НАТО Ресеймен арадағы мұндай кездесулерді әлгі соғыста Ресейдің “диспропорциялық” күш қолдануына байланысты тоқтатып қойған болатын. Сенбі күні Ресейдің НАТО-дағы елшісі Дмитрий Рогозин НАТО мен Ресей арасындағы “мұз еріді” деп мәлімдеді.