АҚШ президенті болғалы берген осы алғашқы сұхбатында Барак Обама Құрама Штаттардың Мұсылман әлемімен байланыстарында көптеген жан-жақты ұстанымдарды жүзеге асыратынын айтты. Сондай-ақ Обама “Израиль мен палетиналықтардың бейбіт келіссөздерді қайта бастайтын уақыты келді” деді. Обаманың Таяу Шығыстағы жаңа өкілі Джордж Митшель аймаққа бір апталық сапарында Мысыр, Израиль, Батыс жағалау, Иордания және Саудияда болмақшы.