Бүгін түстен кейін кейін ҚР премьер- министрі Кәрім Мәсімов Қарағандыға жұмыс сапарымен бармақ. Үкімет басшысы Қарағандыдағы «Гүлдер»ықшамауданындағы жаңа емхананы және ағаш өңдеу комбинаты мен көкөніс сақтау қоймасын аралап, Теміртаудағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ –ның дағдарыс жағдайындағы жұмыссыздыққа жол бермеу мәселесіне арналған кеңесіне қатысады.