Тау-кен кәсіпорындарына салық ставкасы төмендетіледі

Қазақстандағы тау-кен кәсіпорындарына егер олар жұмыскерлерін қысқартпаған жағдайда төмендетілген салық ставкасы енгізіледі, — деп мәлім етті ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Б. Жәмішевтің айтуынша, «пайдалы қазба өндіруге салынатын салық - Қазақстан үшін жаңалық, жаңа Салық кодексінде пайдалы қазба өндіруге біршама төмен ставкамен салық салу қарастырылған, онда рентабельділігі төмен кеніштерде төмен ставка белгілеу көзделген.

Қазір үкіметте тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазба өндіруге салық ставкасын төмендету жөніндегі шешімның жобасы дайындалуда және бұл ставканы төмендетуде жұмыс берушілер тиімділік жағынан онша қажетті емес деп санайтын жұмысшыларды қысқартпау жөнінде шарт қойылады».