Медицина мекемелеріне қымбат құрылғылар сатып алуға тиым салынды

ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімов медицина мекемелеріне қымбат құрылғылар сатып алуға тиым салды.

«2009 жылы экономикадағы жағдайды ескере отырып, маңызды мәселелердің шешілуіне басымдық беруіміз керек, қымбат құрылғылар сатып алу күте тұрады. Денсаулық сақтау саласына көптеген ресурстар бөлінуде, ауруханалар да тұрғызылуда, бірақ бөлінген қаржы барлық жерде пайдалы мақсатқа жұмсалып жатқан жоқ», — деді үкімет басшысы.