Ресейдің Коми республикасында 3 ақпан Подъельск ауылындағы қарттар үйінің өртенуінен қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды.
Өртенген үйден қазаға ұшыраған 23 адамның мәйіті аңғарылды, 3 кісі ғана құтқарылған.
Подъельск ауылынан 22 шақырым жерде орналасқан өрт сөндірушілер хабар келіп түскен соң 20 минуттың ішінде жеткен. Бастапқы жорамал бойынша, өрт абайсыздықтан шыққан тәрізді. Ресей президенті Дмитрий Медведев ондаған қарттың қазасына себеп болған өртті тиянақты тергеуді тапсырды.