ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев АҚШ-тағы 2-6 ақпан аралығында өтетін жұмыс сапары барысында конгресс мүшелері және Қазақстан мен Орта Азия бойынша ғылыми сарапшылармен кездеседі.
Сондай-ақ Қанат Саудабаев АҚШ-қа әлем саясаткерлері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту мақсатында шақырылған шетелдік қонақтармен бірге жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін таңғы асқа және Карнеги қорында болмақшы дөңгелек үстелге де қатысады.