Үндістан МАГАТЭ агенттігімен келісім жасамақ

Үндістан БҰҰ-ның атом энергиясы бойынша агенттігімен тексеру жөнінде келісімге қол қояды деп күтілуде. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік пен Үндістан арасындағы бұл келісім жасалған кезде ядролық елдер Үндістанды ядролық технологиялармен қамтамасыз ете алатын болады. Аталған келісімге сәйкес, 2014 жылға дейін Үндістан 14 азаматтық реакторын тексеруге мүмкіндік беруі тиіс.